• 0
  • 9
  • 7
  • 106
  • 422
  • 68  756

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғалымдарының еңбектері «Eurasian Book Fair -2016» кітап көрмесінде

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, 2016 жылдың 9-12 қарашасында «Көрме» орталығында Еуразиялық халықаралық «Eurasian Book Fair-2016» кітап көрме-жәрмеңкесі өтті. Ірі мәдени-ағартушылық шараның мақсаты ТМД, Еуропа мен Азия елдерінің баспа ісі, кітап саудасы, ғылыми-білім беру және полиграфия компанияларын бір алаңға біріктіру, Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттердің мәдениет пен әдебиет саласындағы және кітап баспасының түрлі салаларындағы даму жетістіктерін көрсету, кітап насихаттау, кітап оқуға ынталандыру,оқырман мәдениетін қалыптастыру. Кітап көрме-жәрмеңкесіне баспалардың, кітап саудасы ұйымдарының басшылары, халықаралық сарапшылар, танымал жазушылар мен ақындар, кітапхана, білім беру және ғылыми қауымдастықтар өкілдері, мәдениет қайраткерлері қатысты. Толығырақ »

1956 жылғы Венгр революциясының 60 жылдығына арналған халықаралық дөңгелек үстел

    2016 жылдың 3 қарашасынды Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында «Венгр революциясы: 60 жылдан соң» атты Венгрияның ұлттық мейрамы – 1956 жылғы революцияға арналған халықаралық дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараны 1956 жылғы  Венгр Революциясының 60 жылдығы мен Бостандық үшін күрес Мемориалдық Комитетінің қолдауымен Қазақстан Республикасындағы Венгрия елшілігі және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық  университеті ұйымдастырды. Толығырақ »

Ғылыми кітапханада «Үздік кітапханашы-2016» байқауы өтті

   2016 жылдың 15 қазан күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында «Үздік кітапханашы – 2016» байқауы өтті. Кітапханашылардың кәсіби мерекесіне орай өткізілген байқаудың мақсаты кітапхананың мәртебесін көтеру, әлеуметтік маңыздылығын жоғарылату, кітапханашылардың құзіреттілігін  арттыру, кәсіби шығармашылық белсенділігін дамыту.

 Байқауға қатысушылар ережеде көрсетілгендей Қазақстан Республикасының 25-жылдығына орай   «Менің елім – Қазақстан» тақырыбы бойынша блиц – сауалнамада қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап берсе, «Жиырма жыл өткен соң, немесе болашақ кітапханашы» калейдоскоп  айдары бойынша кітапханашының  жиырма жылдан кейінгі қоғамдағы орны туралы жеке шығармашылық көзқарастарын эссе, постер, музыкалық композиция, театрландырылған түрде орындады.  «Идеям бар!» атты презентация бойынша кітапхананың дам Толығырақ »

Құрметті студенттер, магистранттар, докторанттар, оқытушылар және кітапхана қызметкерлері!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2016 жылдың қазан айының 1-10 желтоқсан аралығында өтетін «Мен.Кітап. Кітапхана»  атты фотосурет байқауына қатысуға шақырамыз. Байқауға жарыс тақырыбына сайкес келетін сюжеті бар, ерекше түсірілген суреттер қабылданады. Байқауға қатысу шарттарын, біздің кітапхана сайтынан ww.kitap.enu.kz, фейсбук Ғылыми кітапхана https://www.facebook.com/LibraryEnu көре аласыздар

Сіздерді ғылыми кітапхананың әмбебап әдебиеттер оқу залында күтеміз. Мекен жайымыз: Мұнайтпасов көшесі 11, каб. 404.

Құрметті Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері мен оқытушылары!

Сіздерді 10 қазан, сағат 15:00-18:00 аралығында Америка бұрышында өтетін АҚШ университеттерінің кішігірім жәрмеңкесіне шақырамыз.  Жәрмеңке барысында университет өкілдері АҚШ-қа оқуға түсу мүмкіндіктері, магистратура мен докторантура бағдарламалары, қаржылай көмек және стипендиялар сияқты маңызды мәселелер жайында презентациялар жасайды.

Қатысушылар:

–  Indiana University Bloomington

–  Stratford University

–  New York University- Tandon School of Engineering

–  University of Colorado Boulder

–  George Washington University

Мекен-жайы: А. Пушкин көшесі 11, ЕҰУ ғылыми кітапханасының бас ғимараты ( Пушкина,11) , 3 қабат

Қосымша сұрақтар бойынша 87029530310 astana@amcorners.kz хабарласуға болады.