• 0
  • 1
  • 34
  • 202
  • 677
  • 45  256

Хабарландыру

Құрметті студенттер, магистранттар, докторанттар, оқытушылар және кітапхана қызметкерлері!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2016 жылдың қазан айының 1-10 желтоқсан аралығында өтетін «Мен.Кітап. Кітапхана»  атты фотосурет байқауына қатысуға шақырамыз. Байқауға жарыс тақырыбына сайкес келетін сюжеті бар, ерекше түсірілген суреттер қабылданады. Байқауға қатысу шарттарын, біздің кітапхана сайтынан ww.kitap.enu.kz, фейсбук Ғылыми кітапхана https://www.facebook.com/LibraryEnu көре аласыздар

Сіздерді ғылыми кітапхананың әмбебап әдебиеттер оқу залында күтеміз. Мекен жайымыз: Мұнайтпасов көшесі 11, каб. 404.

Құрметті Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері мен оқытушылары!

Сіздерді 10 қазан, сағат 15:00-18:00 аралығында Америка бұрышында өтетін АҚШ университеттерінің кішігірім жәрмеңкесіне шақырамыз.  Жәрмеңке барысында университет өкілдері АҚШ-қа оқуға түсу мүмкіндіктері, магистратура мен докторантура бағдарламалары, қаржылай көмек және стипендиялар сияқты маңызды мәселелер жайында презентациялар жасайды.

Қатысушылар:

–  Indiana University Bloomington

–  Stratford University

–  New York University- Tandon School of Engineering

–  University of Colorado Boulder

–  George Washington University

Мекен-жайы: А. Пушкин көшесі 11, ЕҰУ ғылыми кітапханасының бас ғимараты ( Пушкина,11) , 3 қабат

Қосымша сұрақтар бойынша 87029530310 astana@amcorners.kz хабарласуға болады.

 

«Біздің Абай»

    ХАБАРЛАНДЫРУ

  2016 жылдың 7 – қазанында  сағат 14.00-де  ғылыми кітапханада «Шығыс Қазақстанның Астана қаласындағы күндері» іс-шарасы аясында «Біздің Абай» электронды кітапханасының презентациясы өткізіледі.

Электронды ресурста реалистік қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын-философ Абай Құнанбаевтың әлемнің 27 тіліне аударылған еңбектерінің  толық мәтіні және абайтанушы ғалымдардың зерттеулері енген. Сонымен қатар, электронды кітапханада видео және аудио құжаттар, Абайдың есімімен байланысты басқа да мәліметтер ұсынылған.

ЕҰУ-дың оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерін, магистранттар мен студенттерді іс-шараға қатысуға шақырамыз. Презентация ғылыми кітапхананың бас ғимаратында (Пушкин көшесі, 11, 104-мәжіліс залы) өтеді.

Құрметті студенттер!

 ЕҰУ-дың ғылыми кітапханасы ресурстары мен қызметтерін таныстыру мақсатында 3 – 7 қазан аралығында (20.00-ден 21.00-ге дейін) университеттің студенттер үйінде «Кітапханашыға сұрақ» атты ақпараттық апталық өткізеді.

Бағдарламада:электрондық деректер қорының презентациясы,кітапхананың қызметтерін таныстыру,  «American Corner Astana» орталығының ресурстарымен таныстыру, сұрақ-жауап.

Толығырақ (сілтемекесте).

«АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ» ШАҚЫРАДЫ!

                      ХАБАРЛАНДЫРУ!

  Ғылыми кітапхананың ақпараттық-библиография бөлімі

    «АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ» ШАҚЫРАДЫ!

 2016 жылы қыркүйек айының 19-24-і аралығында кітапханаға жаңа түскен басылымдарды оқырмандарға таныстыру мақсатында «Ақпарат күндері» өтеді.

 КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ!

1 курс студенттері үшін арнайы кітапханаға экскурсия жүргізіледі. Кітапхана қорымен таныстыру, оқу залдарының қызметі, кітапхана мүмкіндіктері,  кітапхананы пайдалану ережелері, электрондық каталог, электрондық дерекқорлардан (отандық, ресейлік, шетелдік) ақпаратты қалай іздеу және қалай қолдану туралы библиографиялық кеңестер беріледі.

Өткізілетін орны: Оқу-зертханалық ғимараты (УЛК)

Диссертация залы (403 каб.)

Уақыты: 9.00 – 19.00 (байланыс тел: 32-408; 32-410)