• 0
  • 1
  • 34
  • 202
  • 677
  • 45  256

Құттықтаулар

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасы 11 мамыр мен 7 маусым аралығында факультеттер үшін Ақпарат күнін өткізеді.

     Мақсаты: Оқу-тәрбие және ғылыми-зерттеу процесін арттыруда профессор-оқытушы құрамына кітапхананың ақпараттық мүмкіндіктерін таныстыру, университетпен бірлесе отырып кітапхананың қызметі мен ресурстарын алға жылжыту, университеттің білім беру бағдарламаларына сәйкес, кітапхана қорын қалыптастыруда кафедралармен өзара қарым-қатынасты нығайту.

 Бағдарламада:

1.Факультеттердің мамандықтары бойынша жаңа кітаптардың көрмесі.

  1. Кітапханадағы қолжетімді электрондық ресурстар мен репозиторий және кітапхананың порталын пайдалану туралы ақпарат беру.
  2. Мазмұны жағынан ескірген, сұраныста аз қолданылатын кітаптарға талдау жүргізу.
  3. 2016-2017 оқу жылына тапсырыс жинақтау мақсатында баспалардың прайс-парақтарымен жұмыс жасау.
  4. «Кітапханашыға сұрақ» анықтамалық үстелі.
  5. Кітапхананың баспа басылымдарымен тереңірек танысу мақсатында абонементтерге және кітап сақтау қорына экскурсия.

Ақпарат күндері бекітілген график бойынша ғылыми кітапхананың бас ғимараты,

1 қабат фойеде, Пушкин көшесі 11, мекен-жайында өтеді.

Байланыс тел.: 36101, 36204, 32408

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 20 – жылдығына арналған ғылыми кітапханада өтетін «КІТАПХАНА ТАҢЫ» бағдарламасы

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 20 – жылдығына арналған ғылыми кітапханада өтетін «КІТАПХАНА ТАҢЫ» бағдарламасына

ШАҚЫРУ

23 сәуір 2016 жыл

сағат 7.00 ден 9.00 ге дейін

Бағдарламада: поэтикалық марафон, авторлармен кездесу, көрме мен таныстырылымдар өткізіліп,викториналық сұрақтар және ұтыс ойындары жүргізіледі. Бағдарлама барысында шәй мен кофе ұсынылатын болады.

Сіздерді Пушкин көшесі,11 мекен-жайында орналасқан кітапхананың бас ғимаратында күтеміз.

Қош келдіңіздер!

____________________________________________________________________________________________________

Құрметті оқырмандар!

    Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған.Олай болса, Сіздерді Ұлыстың ұлы күні әз Наурызбен құттықтаймыз!

    Шуағын шашқан наурыз мерекесі баршаңыздың шаңырағыңызға баянды бақыт, береке-бірлік, сыйласын.Келіп жеткен Жаңа жыл қайрат пен жігер, шығармашылық табыс әкелсін.Биік белестерден көріне беріңіздер. Дендеріңізге саулық, отбасылыраңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілейміз! Еліміз аман болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын! Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін.

Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына орай «Тұлға және тұғыр» атты жыр мүшәйрасы

    Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына орай «Астана ерікті жастар қоғамы» мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Алқа» әдеби-сазды ұйымы және ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Тұлға және тұғыр» атты жыр мүшәйрасы өтеді.

   Шараның мақсаты: қазақ халқының саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани тарихында өшпестей із қалдырған кемеңгер тұлғаның ғұмырын насихаттау, тіл мәдениетін көтеру, дарынды жастардың шығармашылық қабілетін арттыру. Толығырақ »

Ғылыми кітапханада «Үздік кітапханашы-2015» байқауы өтті

    Кітапхана – адамзат ақылының киелі мекені. Жан әлемін жақсылыққа жетелеген даналық дарбазасы. «Кітапхана – мәңгілік парасаттың ең киелі ғимараты» – деп жазушы Әбіш Кекілбаев айтқандай, жас ұрпақтың рухани құндылыққа ден қоюына мол мүмкіндік беретін ғажайып қазына. Ал кітапханашылар –адамзаттың ақыл қазынасының шырақшысы.Талғамы жоғары талабы биік оқырмандарға қызмет көрсетіп, кітапхана ісінің мерейі мен беделін арттыратын, рухани қазынаның қоймасы мен қорғаушысы – кітапханашылар. Толығырақ »