• 0
  • 5
  • 77
  • 498
  • 2  143
  • 9  735

Ғылыми кітапханада «Үздік кітапханашы-2016» байқауы өтті

   2016 жылдың 15 қазан күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында «Үздік кітапханашы – 2016» байқауы өтті. Кітапханашылардың кәсіби мерекесіне орай өткізілген байқаудың мақсаты кітапхананың мәртебесін көтеру, әлеуметтік маңыздылығын жоғарылату, кітапханашылардың құзіреттілігін  арттыру, кәсіби шығармашылық белсенділігін дамыту.

 Байқауға қатысушылар ережеде көрсетілгендей Қазақстан Республикасының 25-жылдығына орай   «Менің елім – Қазақстан» тақырыбы бойынша блиц – сауалнамада қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап берсе, «Жиырма жыл өткен соң, немесе болашақ кітапханашы» калейдоскоп  айдары бойынша кітапханашының  жиырма жылдан кейінгі қоғамдағы орны туралы жеке шығармашылық көзқарастарын эссе, постер, музыкалық композиция, театрландырылған түрде орындады.  «Идеям бар!» атты презентация бойынша кітапхананың дамуына жаңа серпін беретін инновациялық жобаны  қорғаса,   «Жыл кітапханашысы «Сегіз қырлы, бір сырлы» тақырыбы бойынша сайыскерлер өз өнерлерін көрсетті.

    Сайыс барысында кітапханашылар жасына, лауазымына қарамастан өздерінің жан-жақты дайындықпен келгендерін дәлелдеп, шығармашылық жұмыстарын, шеберліктерін ортаға салды. Сайыскерлер әртүрлі ән-би орындап, әзіл-шыны аралас қойылымдар арқылы өздерінің шығармашылықтарын көрсете білді.

    Әділқазылар  алқасының төрағасы Қазақ Заң мемлекеттік университеті кітапханасының директоры  С.Ш.Исаканова, Қазақ ұлттық хореография академиясы кітапханасының директоры У.У.Аймбетова, Назарбаев университеті кітапханасының директорының орынбасары П.М.Лапо, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультеті деканының орынбасары М.Ж.Тусупбекова, ЕҰУ-дың ғылыми кітапханасының әдістемелік бөлімінің басшысы Г.Г.Дарибаева байқауға қатысушыларға атқарылған үлкен еңбектері үшін алғыстарын білдіріп, жеңістерімен құттықтап, шығармашылық табыстар тіледі.

   Сайыстың қорытындысы бойынша Ақпараттық-библиография бөлімінің бас маманы  Баянова Айгерім «Үздік кітапханашы– 2016» байқауының жеңімпазы атағына ие болып, дипломмен марапатталды.  Автоматтандыру бөлімінің жоғары білікті кітапханашысы Оразбек Гүлдана, Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Исаханова Айгүл, Ақпараттық-библиография бөлімінің жоғары білікті кітапханашысы Нұржанова Оксана, Құжаттарды каталогтау және жүйелеу бөлімінің жоғары білікті кітапханашысы Хасенова Саяра байқауға қатысып кәсіби шеберлігін көрсеткені үшін алғыс хаттармен марапатталды.

 

 

  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • MySpace
  • В закладки Google
  • Google Buzz
  • LinkedIn
  • Digg
  • Одноклассники
  • Блог Я.ру
  • Live