• 0
  • 1
  • 34
  • 202
  • 677
  • 45  256

1956 жылғы Венгр революциясының 60 жылдығына арналған халықаралық дөңгелек үстел

    2016 жылдың 3 қарашасынды Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында «Венгр революциясы: 60 жылдан соң» атты Венгрияның ұлттық мейрамы – 1956 жылғы революцияға арналған халықаралық дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараны 1956 жылғы  Венгр Революциясының 60 жылдығы мен Бостандық үшін күрес Мемориалдық Комитетінің қолдауымен Қазақстан Республикасындағы Венгрия елшілігі және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық  университеті ұйымдастырды.

    Халықаралық жиынды ЕҰУ ректоры,  тарих  ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Ерлан Сыдықов ашып берді. Венгрияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Андраш Барани құттықтау сөзінде Венгрияның ұлттық мейрамының тарихына кеңінен тоқталса, тарих ғылымдарының докторы, Петер Пазманя (Будапешт, Венгрия) атындағы Университетінің профессоры Миклош Хорват «Біз бүгін 1956 жылғы оқиғада құрбан болғандар алдында бас иеміз» атты тақырыпта баяндама жасады. Тарих факультетінің Еуразиялық зерттеулер кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Сағынтай Бердағұлова «1956 жылғы Венгрия революциясының тарихи сабақтары» атты арнайы баяндама жасады.

    Дөңгелек үстел барысында «1956 жылғы 23 қазан – 9 қарашадағы Венгер оқиғалары халық жадында», «1956 жылғы  Венгр Революциясының тарихи маңызы», «Венгр Революциясы туралы  тарихи құжаттар  дәлелдері», «1956 жылғы Венгр Революциясы әдебиет пен өнерде» атты тақырыпта әңгіме қозғалып, 1956 жылғы  Венгр Революциясы туралы деректі фильм көрсетіліп отырды. Сонымен қатар іс-шараға жиналған қонақтарға университеттің кітапханасы мен «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы қорынан алынған кітаптар бойынша «История Венгрии: тысычелетие в центре Европы» тақырыбына қойылған көрме ұсынылды.

 

 

  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • MySpace
  • В закладки Google
  • Google Buzz
  • LinkedIn
  • Digg
  • Одноклассники
  • Блог Я.ру
  • Live