• 0
  • 1
  • 34
  • 202
  • 677
  • 45  256

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғалымдарының еңбектері «Eurasian Book Fair -2016» кітап көрмесінде

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, 2016 жылдың 9-12 қарашасында «Көрме» орталығында Еуразиялық халықаралық «Eurasian Book Fair-2016» кітап көрме-жәрмеңкесі өтті. Ірі мәдени-ағартушылық шараның мақсаты ТМД, Еуропа мен Азия елдерінің баспа ісі, кітап саудасы, ғылыми-білім беру және полиграфия компанияларын бір алаңға біріктіру, Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттердің мәдениет пен әдебиет саласындағы және кітап баспасының түрлі салаларындағы даму жетістіктерін көрсету, кітап насихаттау, кітап оқуға ынталандыру,оқырман мәдениетін қалыптастыру. Кітап көрме-жәрмеңкесіне баспалардың, кітап саудасы ұйымдарының басшылары, халықаралық сарапшылар, танымал жазушылар мен ақындар, кітапхана, білім беру және ғылыми қауымдастықтар өкілдері, мәдениет қайраткерлері қатысты.

    Халықаралық көрмеге университеттің ғылыми кітапханасы да белсенді түрде қатысты. Кітап көрме-жәрмеңкесі аясында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да ұйымдастырылған «Кітап мәдениеті және гуманитарлық ынтымақтастық контексіндегі еуразияшылдық» ғылыми-практикалық конференциясына  университет ғалымдарының еңбектеріне арналған 300 кітаптан тұратын көрме қойылды. Сонымен қатар «Көрме» орталығында да «ЕҰУ ғалымдарының еңбектері» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қазақстандық және шетелдік баспалардан шығарылған университет  ғалымдарының еңбектері,  ЕҰУ-дың баспасынан жарық көрген  оқытушы-профессорларының оқулықтары мен оқу құралдары қойылды.

    Шараның салтанатты ашылуынан кейін ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, ЕҰУ-дың ректоры Ерлан Сыдықов және университеттің бірқатар профессорлары ЕҰУ-дың кітап көрмесін тамашалады.

    Кітап көрме-жәрмеңкесіне келушілер Мырзатай Жолдасбеков, Сейіт  Қасқабасов, Кемал Ақышев, Сартқожа Қаржаубайұлы, Мұхтарбай Өтелбаев, Ғаділбек Шалахметов, Сайлау Батырша-ұлы, Ерлан Сыдықов, Тұрсын  Жұртбай, Мырзагелді Кемел, Дихан Қамзабекұлы, Серік Негимов, Жамбыл  Артықбаев, Сұлтанхан Аққұлы, тағы басқа ғалымдардың ғылыми шығармашылықтарымен танысуға мүмкіндік алды. Іс-шара аясында философия ғылымдарының докторы, академик Ғарифолла Есімнің «Хакім Абай» кітабының тұсаукесері өткізілді.Көрмеге келген оқытушыларға, студенттерге, лицей және мектеп оқушыларына  «Мәңгі ел» тарихи журналы таратылды.

  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • MySpace
  • В закладки Google
  • Google Buzz
  • LinkedIn
  • Digg
  • Одноклассники
  • Блог Я.ру
  • Live