• 0
  • 5
  • 77
  • 498
  • 2  143
  • 9  735

Ғылыми-әдістемелік бөлім

Бөлім жайлы ақпарат:

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 27 наурыздағы №249 Бұйрығына сәйкес Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасы – Астана қаласы мен Ақмола облысының жоғары және орта кәсіптік білім беру жүйесі кітапханалары үшін бірыңғай үйлестіруші, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық орталық болып бекітілген.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

Кітапхана қызметінің негізгі бағыттары бойынша әдістемелік көмек көрсету;
Кітапхана ісінің озық іс-тәжірибелерін зерттеп, насихаттау және енгізу;
Кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру;
Ғылыми кітапхананың бөлімдері мен басқа да кітапхана қызметкерлеріне кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызметті жетілдіруде кеңес беріп, әдістемелік көмек көрсету;
ҒК құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыруға тәжірибелік көмек көрсету;
Ақмола облысы және Астана қаласындағы білім беру жүйесі кітапханаларының қызметін үйлестіру;
Сонымен қатар Челябі мемлекеттік мәдениет және өнер академиясымен жасалған келісім шартқа сәйкес жыл сайын, профильді білімі жоқ кітапхана қызметкерлеріне арналған қосымша кәсіби білім беру курсын өткізу («ИДПО ЧГАКИ оқуы жайлы ақпарат»)

Ғылыми-әдістемелік бөлім көпшілік іс-шараларды насихаттауда және белгілі бір мақсатта арнайы іріктеліп, жүйеленіп оқырмандардың оқып танысуы үшін ұсынылатын әдебиеттер жиынтығынан тұратын кітап көрмесін және оқырмандар конференциясын ұйымдастырады. Үйлестіруші: Байниязова Гүлмайра Қазиқызы, ғылыми-әдістемелік бөлімінің бас маманы. (bainyazova_gk@enu.kz)

Оқу кітапханалары мамандарының кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында:

  • 36-сағаттық біліктілікті көтеру курсын ұйымдастыру. Сертификат беріледі. («Курс бағдарламасы»)
  • Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың ғылыми кітапхана базасы бойынша  тағылымдама өткізу; ( «Тағылымдамадан өту туралы ақпарат»)
  • кітапхананың қызметінің көкейкесті бағыттарына сәйкес семинар, тренингтер жүргізу;
  • кітапхананың өтінімі бойынша дәрістер, семинарлар өткізу;
  • авторлық зерттемелерге және әдістемелік құралдарға пікір дайындау;
  • кеңестер беру;
  • кәсіби тақырыптық сұраныстарды орындау;
  • кітапхана мамандарының сұраныстары бойынша әдебиеттерді іріктеу;
  • пайдалы кәсіби мәліметттердің электронды нұсқасын тарату; («Сілтемелер   тізімі»)

 

Байланыс:

Бөлім басшысы: Дарибаева Гүлшат Ғабдоллақызы

Телефон: +7 (7172) 70-95-00 (ішкі 36-204)
e-mail: daribaeva_gg @enu.kz
Орналасқан жері: Ғылыми кітапхананың бас ғимараты, 2 қабат, 207 каб.
Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма 9.00-18.00
сенбі 9.00-14.00
демалыс күні-жексенбі
Айдың соңғы күні-тазалық күні

  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • MySpace
  • В закладки Google
  • Google Buzz
  • LinkedIn
  • Digg
  • Одноклассники
  • Блог Я.ру
  • Live