• 0
  • 5
  • 77
  • 498
  • 2  143
  • 9  735

Құжаттарды толықтыру және өңдеу бөлімі

 Бөлім жайлы ақпарат:

    Құжаттарды толықтыру және өңдеу бөлімі – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасының басты бөлімдерінің бірі. Бөлімнің негізгі жұмысы ЖОО-ның мамандықтарына сәйкес, кітапхана қорын баспадан шыққан әрі электронды түрдегі оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми және қосымша әдебиеттермен толықтыру болып табылады.

Бөлімнің негізгі жұмыс бағыттары:

  • ЖОО бағытына әрі оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктеріне орай, кітапхана қорын қалыптастыру;
  • Кафедралардың тапсырыстары негізінде әдебиеттерге жиынтық тапсырыстарды құрау;
  • Мерзімді басылымдар мен электронды дереккөздерге жазылымдар;
  • Кітаппен қамтамасыз етуді электронды түрде жүргізу;
  • Кітапхана қорының есебі;
  • Құжаттарды кітапханалық-библиографиялық жіктеме бойынша ғылыми жүйелеу;
  • Құжаттарды ғылыми және техникалық өңдеу;
  • Бөлім қызметін университеттің кафедраларымен, құрылымдық бөлімшелерімен үйлестіру;

Ғылыми кітапханаға кітаптарға қалай тапсырыс беріледі

Тапсырыс жасалмас бұрын ең алдымен басылымның кітапхана қорында барын немесе жоқ екенін электронды каталогтан тексеру қажет.

Кітаптарға тапсырыс «Құжаттарды толықтыру және өңдеу бөлімінде» қабылданады (Пушкин к. 11,кітапхананың бас ғимараты, 109-каб.,тел. 8(7172) 70-95-00, ішкі т. 36-109)

Тапсырыс Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректорының атына жазылады, кафедра меңгерушісінің және факультет деканының қолы қойылады. Кітаптың авторы, аты, ISBN, баспасы, баспадан шыққан жылы, қажетті данасының саны, бағасы, пәні және студенттер құрамы көрсетіледі.

Байланыс: Пушкин көшесі 11, кітапхананың бас ғимараты, 106-каб., тел. 8(7172) 70-95-00, ішкі: 36-106; сенбі мен жексенбіден басқа, күн сайын сағ.: 9.00-ден 17.00-ге дейін.

 

 

  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • MySpace
  • В закладки Google
  • Google Buzz
  • LinkedIn
  • Digg
  • Одноклассники
  • Блог Я.ру
  • Live