• 0
  • 1
  • 34
  • 202
  • 677
  • 45  256

«Біздің Абай» электронды кітапханасының презентациясы

     2016 жылдың 7 – қазанында  сағат 14.00-де  ғылыми кітапханада «Шығыс Қазақстанның Астана қаласындағы күндері» іс-шарасы аясында «Біздің Абай» (abai.pushkinlibrary.kz) электронды кітапханасының презентациясы өткізілді. А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының қызметкерлері Наталья Харламова және Меруерт Жайлыбаева  ЕҰУ-дың оқытушылары мен студенттеріне қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевқа арналған электронды ресурсты ұсынды. Толығырақ »

«Біздің Абай»

    ХАБАРЛАНДЫРУ

  2016 жылдың 7 – қазанында  сағат 14.00-де  ғылыми кітапханада «Шығыс Қазақстанның Астана қаласындағы күндері» іс-шарасы аясында «Біздің Абай» электронды кітапханасының презентациясы өткізіледі.

Электронды ресурста реалистік қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын-философ Абай Құнанбаевтың әлемнің 27 тіліне аударылған еңбектерінің  толық мәтіні және абайтанушы ғалымдардың зерттеулері енген. Сонымен қатар, электронды кітапханада видео және аудио құжаттар, Абайдың есімімен байланысты басқа да мәліметтер ұсынылған.

ЕҰУ-дың оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерін, магистранттар мен студенттерді іс-шараға қатысуға шақырамыз. Презентация ғылыми кітапхананың бас ғимаратында (Пушкин көшесі, 11, 104-мәжіліс залы) өтеді.

Құрметті студенттер!

 ЕҰУ-дың ғылыми кітапханасы ресурстары мен қызметтерін таныстыру мақсатында 3 – 7 қазан аралығында (20.00-ден 21.00-ге дейін) университеттің студенттер үйінде «Кітапханашыға сұрақ» атты ақпараттық апталық өткізеді.

Бағдарламада:электрондық деректер қорының презентациясы,кітапхананың қызметтерін таныстыру,  «American Corner Astana» орталығының ресурстарымен таныстыру, сұрақ-жауап.

Толығырақ (сілтемекесте).

«АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ» ШАҚЫРАДЫ!

                      ХАБАРЛАНДЫРУ!

  Ғылыми кітапхананың ақпараттық-библиография бөлімі

    «АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ» ШАҚЫРАДЫ!

 2016 жылы қыркүйек айының 19-24-і аралығында кітапханаға жаңа түскен басылымдарды оқырмандарға таныстыру мақсатында «Ақпарат күндері» өтеді.

 КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ!

1 курс студенттері үшін арнайы кітапханаға экскурсия жүргізіледі. Кітапхана қорымен таныстыру, оқу залдарының қызметі, кітапхана мүмкіндіктері,  кітапхананы пайдалану ережелері, электрондық каталог, электрондық дерекқорлардан (отандық, ресейлік, шетелдік) ақпаратты қалай іздеу және қалай қолдану туралы библиографиялық кеңестер беріледі.

Өткізілетін орны: Оқу-зертханалық ғимараты (УЛК)

Диссертация залы (403 каб.)

Уақыты: 9.00 – 19.00 (байланыс тел: 32-408; 32-410)

ЕҰУ-дегі Thomson Reuters семинары

11 шілде күні Ғылыми кітапханада «ҰҒТАО» АҚ (АО «НЦНТИ») және Thomson Reuters компаниясының бірлесе ұйымдастыруымен «Web of Science құрамындағы халықаралық журналдар: қазіргі ғылыми басылымдардағы стандарт» тақырыбында семинар өтті. Семинар отандық ғалымдардың мақала жариялаудағы сауаттылығын арттыру және басылымдардың әлемдік деңгейде танылуы мақсатында өткізілді. Толығырақ »