• 0
  • 1
  • 47
  • 4  260
  • 9  760
  • 99  365

Хабарландыру

Хабарландыру

Құрметті студенттер мен оқытушылар!

 2016 жылдың 15 шілдесіне дейін кітапхананың кітаптарын тапсыруларыңызды сұраймыз

    Ғылыми кітапхана

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

    2016 жылдың 26 мамырында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасы Қазақстанның ЖОО кітапханаларының Ассоциациясы және Назарбаев Университетінің ғылыми кітапханасымен біріге отырып, жыл сайын ұйымдастырылатын «Университет кітапханаларын дамытудың жаңа бағыттары: тәжірибелер, мәселелер мен жетістіктер-2016» атты V-ші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

     Конференция мақсаты – Қазақстанның ЖОО-дағы қазіргі кітапханалар қызметіндегі өзекті мәселелерді қамти отырып, тәжірибе алмасу, заман талабына сай кітапханалар ісін одан әрі жандандыру және дамыту.

    Конференция барысында білім және ғылыми зерттеулер үдерістерін ақпаратпен қамтамасыз ету, кітапханалардың қорларын қалыптастыру мен сақтаудағы мәселелері, студенттер мен оқытушылардың және ғалым – зерттеушілердің мүдделеріне сәйкес электронды ресурстармен жұмыс жүргізу, пайдаланушылардың медиялық және ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру мәселелері талқыланады.

        АҚШ, Түркия, Ресей, Беларуссиядан келген әріптестер электрондық коллекцияларды құру, ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсетудің өзекті аспектілері бойынша өздерінің баяндамалары мен шолуларында инновациялық тәжірибелерімен бөліседі. Жоғары оқу орындарында қазіргі  комьюнити орталықтарын құру, ғалымдардың еңбектерін жариялау белсенділіктерін көтеруге ықпал етуде және әлемдік ғылыми журналдарда жариялауға көмектесу жайлы сөз болады.

   Конференция жұмысына 80-нен астам жоғары оқу орындары кітапханаларының басшылары мен бас мамандары қатысады. Конференция бағдарламасында кітапхана қызметкерлері мен жоғарғы оқу орындарының оқытушыларына арналған  Grebennikon, IPR Media,  Euromonitor International т.б. электронды ресурстарын пайдалану туралы семинарлар, тренингтер мен шолулар жүргізіледі. Мақала, диссертация, монография сияқты ғылыми жұмыстарға талдау жүргізу бойынша  «Антиплагиат» жүйесінің таныстырылымы өтетін болады.

  Конференция барысында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының қатысуымен «Болашақ университеттерді қалыптастыруда кітапханалардың миссиясы» атты дөңгелек үстел өтеді. Аталған шарада бәсекеге қабілетті ЖОО түлектерінің құзыреттілігін қалыптастыруда кітапхананың рөлі, қоғамдағы медиа – ақпараттық сауаттылықты жетілдіруде кітапханалардың міндеттері, жоғары оқу орындары кітапханаларының инновациялық қызметін нормативті-құқықтық қамтамасыз ету мәселелері талқыланады.

  Сонымен қатар «Speed dating» форматында оқу үдерісіне байланысты баспа өнімдері мен электронды ресурстардың көрмесі ұйымдастырылады. Конференция жұмысының соңында жоғары оқу орындары кітапханаларын одан әрі дамытудың ұсыныстары әзірленеді.

«Кітапханааралық қарым-қатынас – 2016: әлемдегі заманауи тенденциялар және ҚР ЖОО кітапханаларын дамыту»

Назарбаев университеті кітапханасы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасы және ҚР ЖОО кітапханалары Ассоциациясы жыл сайынғы өтетін “Жоғары Білім Көшбасшыларының Еуразиялық форумы – 2016” аясында ҚР ЖОО кітапхана директорлары мен мамандарына арналған:

  •  «Кітапханааралық қарым-қатынас – 2016: әлемдегі заманауи тенденциялар және ҚР ЖОО кітапханаларын дамыту  («Library Connect-2016»)» кәсіптік семинарын;
  • «Университет кітапханаларын дамытудың жаңа бағыттары:  тәжірибелер, мәселелер мен жетістіктер-2016» V халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

Өткізілетін уақыты: 25-26 мамыр 2016ж.

Өткізілетін орны: Назарбаев университеті және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

25-26 мамыр аралығында ҚР ЖОО және шел елден келетін кітапхана мамандары университет кітапханаларының ғылыми-ізденіс және оқу үрдісін қаматамасыз ету сияқты өзекті тақырыптарды талқылайды және баяндамалар оқылып,  кеңес беру, мастер-кластар өткізіледі.

Конференцияға қатысу тегін. Іс-сапар кезінде өтелетін барлық шығындар іс-сапарға жіберген ұйым тарапынан шешіледі.

Конференцияға тіркелу 2016 жылдың 17 мамырға дейін жүргізіледі. Баяндамалар 30 сәуірге дейін қабылданады.

«Library Connect-2016» семинары онлайн таратылатыны туралы хабарлайды. Онлайн қатысушылар келесі сілтеме арқылы арнайы форманы толтырып тіркеле алады.

Баяндамалар жинағын шығару жоспарлануда және ниет білдірушілер баяндамаларын 2016 жылдың 30-сәуіріне дейін  library@enu.kz электронды поштасына  жібере алады.

Баяндамаларға қойылатын талаптар:

  1. Баяндама атауын көрсету, автордың/бірлесіп жазған автордың толық аты-жөні, мекеме атауы, қала, ел.
  2. Баяндама тақырыбын ашатын аннотацияның болуы, аннотация көлемі 500 нышаннан көп болмауы тиіс (аралықтарды қоса алғанда).
  3. Баяндамалар электронды түрде қабылданады (МС Word, шрифт-14, аралық-1,5).

Ұйымдастырушылар баяндамаларды талдау, шара бағдарламасы мен баяндамалар жинағына қосу туралы шешімді өз меншігінде қалдырады.

Байланыс ақпараттары:

Анар Даутова – adautova@nu.edu.kz, (+7 7172-70-62-73, 8-775-786-79-41)

Дарья Звонарева – darya.zvonareva@nu.edu.kz, (+7 7172-70-59-41, 8-747-256-08-98)

Баяндамаларды бағдарламаға немесе жинаққа қосу туралы сұрақтар бойынша:

Гульшат Дарибаева (+ 7 7172-70-95-00 (ішкі: 36-204), 8-777-331-36-62)                

«Кітапханааралық қарым-қатынас – 2016: әлемдегі заманауи тенденциялар және  ҚР ЖОО кітапханаларын дамыту»

«Библиотечное взаимодействие — 2016: современные мировые тенденции в развитии вузовской библиотеки»

“Library Connect — 2016: Emerging Global Trends in University Library Development”

ПРОГРАММА-Концепция

ХАБАРЛАНДЫРУ!
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Ғылыми кітапханасы
Ақпараттық-библиография бөлімі

«АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ» ШАҚЫРАДЫ!
2016 жылдың сәуір айының 11-16-ы аралығында кітапханаға жаңа түскен басылымдармен таныстыру мақсатында
«Ақпарат күндері» өтеді.
«Жаңа кітаптар» – диссертация залында, «Журналдар» – мерзімді басылымдар оқу залында ұйымдастырылады.
Барлық пайдаланушыларға бөлім қызметкерлері библиографиялық кеңестер береді.

Өткізілетін орны және уақыты:
Оқу-зертханалық ғимараты (УЛК), 4 қабат,
403 каб. – Диссертация залы.
412 каб. – Мерзімді басылымдар оқу залы.
Сағат: 9.00-19.00
(Байланыс тел: 32-408; 32-410)

«Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы

Құрметті Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері!

Сіздерді Ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен  2016 жылдың 1 – 20 сәуір аралығында өтетін «Кітапханаға кітап сыйла!» атты акцияға қатысуға шақырамыз.

Акцияның мақсаты – кітапхананың қорын университетіміздің профессор-оқытушы құрамының еңбектерімен толықтыру.

Акция барысында профессор-оқытушы құрамының оқу үдерісіне қажетті баспа түріндеғі және электрондық нұсқадағы еңбектері қабылданады.

23 сәуір күні Ғылыми кітапхананың бас ғимаратында (Пушкин көшесі, 11) акцияның қорытындысы шығарылады. Осы күні сыйға тартылған кітаптар көрмесі ұйымдастырылып, акция қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталады.

Кітаптарды ғылыми кітапхананың Жинақтау бөліміне (106 кабинет) сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (жұмыс күндері), сенбі 9.00-ден 14.00-ге дейін өткізуге болады.

Құрметпен, Ғылыми кітапхана ұжымы