• 0
  • 39
  • 21
  • 517
  • 10  197
  • 112  970

«Біздің Абай» электронды кітапханасының презентациясы

     2016 жылдың 7 – қазанында  сағат 14.00-де  ғылыми кітапханада «Шығыс Қазақстанның Астана қаласындағы күндері» іс-шарасы аясында «Біздің Абай» (abai.pushkinlibrary.kz) электронды кітапханасының презентациясы өткізілді. А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының қызметкерлері Наталья Харламова және Меруерт Жайлыбаева  ЕҰУ-дың оқытушылары мен студенттеріне қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевқа арналған электронды ресурсты ұсынды.

    Электронды ресурста ақын-философ Абай Құнанбаевтың әлемнің түрлі тілдеріне аударылған шығармаларының  толық мәтіні және абайтанушы ғалымдардың зерттеулері енген. Ресурс жеке кітапханаларда сақталып кітапхана қорына берілген бірегей кітаптарды қамтиды. Сонымен қатар, электронды кітапханада видео және аудио құжаттар, Абайдың есімімен байланысты басқа да мәліметтер ұсынылған.

    Презентация барысында кітапхана қызметкерлері электронды кітапхананы мәліметтермен толықтыру мақсатында баспаларға, кітапханаларға хат жазу кезінде болған қызықты жайттармен бөлісті. Электронды кітапхана жобасын құру жалғасу үстінде. Қазіргі уақытта ресурс құрамында 1300 құжаттардың 27 тілдегі сандық көшірмелері бар.

     «Біздің Абай» электронды кітапханасын қашықтықтан пайдалану үшін pushkinlibrary.kz сайтында авторлану  және пароль алу қажет.

  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • MySpace
  • В закладки Google
  • Google Buzz
  • LinkedIn
  • Digg
  • Одноклассники
  • Блог Я.ру
  • Live