Бөлім жұмысының негізгі бағыттары:
– Қазақстан Республикасының әдебиеті, тілі, тарихы, рухани мәдениетіне қатысты ұлттық рухани құндылықтарды жинақтау; қорды қалыптастыру, ұйымдастыру және сақтау;
– құжаттарды қалпына келтіру және сақтау, библиографиялық сипаттау, электронды каталогты ұйымдастыру және жүргізу.
Бөлімнің мiндеттерi:
- сирек кiтаптар мен қолжазбаларды, құнды ғылыми басылымдарды жинау;
- қорды таныстыру және насихаттау;
- бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялау;
оқытушы-профессор құрамына, докторанттарға, магистранттар мен студенттерге зерттеу жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау, сирек қормен жұмыс істеу туралы оқырмандарға кеңес беру;
- ақпараттық сұранысқа және кітапхананың пайдалану ережелеріне сәйкес оқырмандарға жеке қызмет көрсету;
Бөлім қорында қазақ, орыс, шет тілдеріндегі сирек кітаптар мен қолжазбалар, аудио-видео басылымдар, фото-құжаттар, ноталық және мерзімді басылымдар жинақталған.
Бөлімде Қазақстанның көрнекті ғалымдарының мемориалдық кітапханалары бар:
- Академик Ә.Марғұланның жеке кітапханасы (202 бөлме)
- Академик М. Қаратаевтің кітап қоры (201 бөлме)
- Жазушы С. Бегалиннің қолжазба қоры (201 бөлме)
- Академик К. Ақышевтің мұражай-кабинеті (201 бөлме)
- Академиктер С. Қирабаев пен Ә.Бейсенованың мұражай-кітапханасы (303 бөлме)
- Академик Р. Сыздықованың кітап қоры (201 бөлме)
- Профессор Т. Кәкішевтің кітап қоры (201 бөлме)
- Профессор О. Нұрмағамбетованың кітап қоры (201 бөлме)
- А. Сейдімбек атындағы ғылым залы (204 бөлме)
- Профессор Т. Жұртбайдың кітап қоры (202 бөлме)
- ГФР Сыртқы істер министрі Х.-Д. Геншердің кітапханасы.
Бөлім басшысы: Ермаганова Мейрамкул Загпарқызы
Телефон: +7 (7172) 70-95-00 (ішкі: 36-203), 203 каб. (Пушкин көшесі, 11)
Бөлімнің жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма 09.00 – 18.00, сенбі 09.00 – 14.00
Жексенбі – демалыс күні.
Айдың соңғы күні – тазалық күні.